Еуропаға Қазақстанның майлы дақылдары керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа елдері Қазақстанның майлы дақылдары мен бидайына сұранысты арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АӨК өнімдерінің Еуропа елдеріне экспортының өсуін атап өту қажет. Мысалы, Бельгияға АӨК өнімдерін экспорттау 1,2 есеге, Германияға -1,5 есе, Италияға - 2,1 есе, Латвияға - 1,7 есе, Нидерландыға - 1,5 есе, Чехияға 2,8 есе өсті. Атап айтқанда, Еуропалық елдерге майлы дақылдардың, бидай, кептірілген бұршақ, көкөністер экспорты ұлғайды», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысында.

Осы орайда ол зығыр тұқымдарын Бельгияға экспорттау 1,4 есеге, Германияға - 1,5 есе, Чехияға - 3,3 есеге, Латвияға - 1,9 есе, сондай-ақ Италияға бидай экспорты 2,4 есеге артқанын атап өтті.

«Атап айтқанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  Түркияға экспорт көлемі екі есе өсті, яғни 29 млн АҚШ долларынан 57 млн АҚШ долларына дейін», -деді Қайрат Айтуғанов.