«Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанның еуропалық елдермен арадағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді - Қазақстанның Ресейдегі Елшісі

sp; МӘСКЕУ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанның еуропалық елдермен арадағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Зауытбек Тұрысбеков Швецияның Ресейдегі Елшісі Томас Бертельманмен бейсенбі, желтоқсанның 3-інде Мәскеуде болған кездесуінде мәлім етті.

 Келіссөзге  Испанияның Ресейдегі Елшісі Хуан Антонио Марк  пен   Еурокомиссияның Ресей Федерациясындағы   өкілдігінің  басшысы Фернандо М.Валенсуела   қатысты.

 Тараптар  Ауғанстандағы ахуалды,    Еуроодақтың  Орталық Азия елдерімен  қарым-қатынастарын,   Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығын,   сондай-ақ   «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының  жүзеге асырылу жайын талқылады.

 Зауытбек Тұрысбеков   кездесу  барысында еуропалық дипломаттардың  назарын     заңсыз  миграция мен есірткі  трафигі  проблемаларын  шешуге, Еуроодақтың   Қазақстанға      грант бөлу  мәселесіне  аударды.  Ол  сондай-ақ  «Еуропаға жол»  бағдарламасын   жүзеге асыру      түрлі салаларға   алдыңғы  қатарлы еуропалық тәжірибелер мен  технологияларды   енгізуге мүмкіндік беретінін  атап   өтті.