Еуропалық кеңес төрағасы Иран президентіне қатысты оқиға туралы мәлімдеме жасады

Фото: AFP

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель Иран президенті Ибрахим Раисиге қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZINFORM меншікті тілшісі.

Оның айтуынша, ЕО-ға мүше мемлекеттер мен серіктестер де жағдайды бақылап отыр.

Еске сала кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласына жақын жерге апатты жағдайда қонды. Кейінірек тікұшақ құлаған жерден видео пайда болды. Адамдар президент Раиси мен оның серіктерінің денсаулығы үшін дұға етіп жатыр.

Иран вице-президенті Мохсен Мансури ел президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын айтты.