Еуропалық Комиссия Румыниядағы президент сайлауының бірінші турында еуропашыл саясаткерлердің сәтсіздікке ұшырауына байланысты TikTok-қа қатысты ресми түрде тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы ЕО-ның цифрлық күн тәртібіне жауапты Еуропалық комиссары Хенна Виркун мәлім етті.
Бұл шешім Ресей TikTok арқылы «Румыниядағы сайлауға әсер етті» деген айыппен байланысты болып отыр.
- Еркін және әділ сайлау – демократияның негізі. ЕО-ның цифрлық қызметтер туралы заңы (DSA) ірі онлайн платформалардан сайлау процестерінде тәуекелдерді барынша азайтуды талап етеді. Бүгін біз TikTok-қа оқиғаларды кейіннен бағалау үшін Румыния сайлауына қатысты барлық дәлелді сақтауды тапсырдық, - дейді ол.
Еуропалық комиссия баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.