Еуропалық Одақ Армения мен Әзербайжан шекарасын делимитациялау мәселесін қолдайды

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық сыртқы әрекет қызметі 1991 жылғы Алматы келісімі негізінде Армения-Әзербайжан шекарасын делимитациялау процесінде қол жеткізілген ілгерілеуді, атап айтқанда, 15 мамырда Армения-Әзербайжан шекара комиссияларының 9-шы отырысында қол қойылған хаттаманы құптайды. Соның нәтижесінде шекараның бірнеше учаскесіне қатысты келісімге қол жеткізілген еді.

Фото: Kazinform/Pixabay

«ЕО тараптарды екіжақты мәселелерді шешу үшін одан әрі шешуші қадамдар жасауға шақырады және Оңтүстік Кавказ аймағында тұрақты және ұзақ бейбітшілік орнатуға бағытталған күш-жігерді қолдауға ниетті», - делінген ЕАЭО мәлімдемесінде.

Армения мен Әзербайжан шекарасында алғашқы шекара бағаны орнатылғанын жазған болатынбыз.

11 мамырда Алматыда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері келіссөздерді жалғастыруға келісті.

15 мамырда Әзербайжан мен Арменияның делимитация мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиялары Әзербайжанның Газах аумағы мен Арменияның Тавуш аймағындағы елді мекендер арасындағы шекара сызығының учаскелерін сипаттайтын бірлескен хаттама жасады.