Еуропалық Одақ Газада гуманитарлық үзіліс жариялауға шақырды

Фото: trend.az

Еуропалық Одақ Газада гуманитарлық үзіліс жариялауға шақырды. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі Джозеп Боррель мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Trend.az-ға сілтеме жасап. 

Мәлімдемеде ЕО Газадағы тереңдетілген гуманитарлық дағдарысқа қатты алаңдайтынын атап өтті. 

«ЕО соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға және гуманитарлық дәліздерді құруға шақырады», — деді ЕО Жоғарғы өкілі. 

Айта кетейік, 7 қазанда Израильге тұтқиылдан шабуыл жасалды. Газа секторының аумағынан реактивті снарядтармен жаппай атқылау басталып кетті. Израиль Газа секторының жаппай зымырандық шабуылынан кейін елде соғыс жағдайын жариялады.