Еуропалық Одақ Ливан мен Израиль арасындағы келісімді құптайды

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, Ливан мен Израиль Вашингтонда қол қойған негіздемелік келісім шиеленісті азайту және бейбітшілік үшін маңызды оң перспектива ұсынады, деп хабарлайды ЕО-ның Брюссельдегі тілшісі.

Фото: Anadolu Ajansi

Еуропалық Одақ барлық тараптардың сындарлы ұстанымын құптайды және оларды жаңа үшжақты әскери үйлестіру механизмі арқылы міндеттемелерін орындауға шақырады.

— ЕО тұрақты шешім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1701 қарарын орындауға негізделуі керек екенін атап көрсетеді, ол Ливан аумағынан барлық қарулы күштерді шығаруды және барлық мемлекеттік емес топтарды қарусыздандыруды талап етеді. Жақында бекітілген Ливан Қарулы Күштеріне 100 миллион еуро көлеміндегі көмек пакетімен ЕО Ливан үкіметінің мемлекеттік бақылауды және қару-жараққа монополияны орнату жөніндегі күш-жігерін қолдайды, - делінген ЕО мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 4106-ға жетті.