Еуропалық парламент пен Еуропалық комиссия өзара ынтымақтастығын нығайтады

АСТАНА. KAZINFORM - Дүйсенбі күні Еуропарламент пен Еурокомиссия 2010 жылғы Ведомствоаралық негіздемелік келісімді қайта қарау туралы бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Фото: Shutterstock

Еуропарламент төрағасы Роберта Метсола мен Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен ЕО-ның заң шығарушы және атқарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар жаңа қағидаттар туралы келісімді жариялады.

«Мекемеаралық негіздемелік келісімді қайта қарау біздің институттар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады, ашықтық пен жақсы диалогты қамтамасыз етеді. Бұл біздің ұйымдарға тиімдірек жұмыс істеуге және азаматтарымызға құндылық беруге көмектеседі. Саяси келісімге қол жеткізілгеннен кейін техникалық деңгейдегі жұмыс дереу басталады», - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Келісілген саяси ұстанымдар Еуропарламент пен Еурокомиссия арасындағы қарым-қатынас туралы 2010 жылғы негіздік келісімді қайта қарауға негіз болады.

Сонымен қатар, Еурокомиссия бюджет мәселелері бойынша институтаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады және мазмұны ЕО-ның үш институтымен келісілуі тиіс жаңа Мекемеаралық келісім бойынша ұсыныс енгізеді.