Премьер-Министрдің айтуынша, Ресей нарығынан кеткен 300-ден астам еуропалық компаниямен Қазақстан жағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы орайда, 50-ден астам компания өз өндірістерінің орнын ауыстыруға қызығушылық танытқан.
«Алты компания шешім қабылдап, өндіріс орындары мен кеңселерін Қазақстанға көшіріп жатыр. Қалған компаниялар жергілікті атқарушы органдармен, министрлікпен, бизнеспен келіссөздер жүргізіп жатыр, яғни осындағы мүмкіндіктерді зерттеуге кірісті», - деді Ә. Смайылов.