«Ғылымдағы есім» халықаралық наградасымен бірге Сократ ордені, құрмет лентасы мен Қазақстан ғалымының есімі 21 ғасырдың танымал ғалымдарының тізіміне енгізілгені жөніндегі сенім грамотасы оның иесіне кеше тапсырылды.
Техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Нұрғожин 250 ғылыми мақала, жеті патент, төрт монография, тоғыз оқулық пен ғылыми әдістемелердің авторы, ол бес кандидат пен бір ғылым докторын, қырықтан астам магистрант дайындап шығарған.