Сапар барысында Ф.Майштадт Қазақстан басшылығымен екіжақты қарым-қатынастардың орта және ұзақ мерзімді болашақ перспективасы мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Ол сонымен қатар ІІІ Астаналық экономикалық форумға бас қонақ ретінде қатысып, бірінші жалпы сессиясын ашпақ.
ҚазАқпарат осыған дейін хабарлағандай, үстіміздегі жылғы мамырдың 17-22-сі аралығында ЕИБ өкілдері Қазақстанда болып, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен, ҚР мүдделі министрліктері мен ведомстволарының, ұлттық компаниялар және еліміздің аймақтарының басшыларымен кездесулер өткізді.