О.Декамп Қырғызстан басшысына ЕҚДБ-ның директорлар кеңесінің шешімімен Қырғызстан Республикасы үшін стратегия әзірленгендігін мәлім етті. Осылайша, ЕҚДБ-ның Қырғызстандағы алдағы үш жылдағы қызметінде келесі бағыттарға басымдық берілетін болады: қаржылық секторды тұрақтандыру және дамыту, жекеменшік кәсіпорындардың дамуын қолдау, өмірлік маңызды инфрақұрылымдық нысандарды бекіту, мемлекеттік органдармен диалог жүргізу.
Экономикалық даму туралы сөз еткен, Қырғызстан Президенті А.Атамбаев, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқандығын атап өтті. оның сөзіне қарағанда, елде сыйбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды күрес басталды, оның оң нәтижесі көрінуде.