деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімі Серік Ахметовтың Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы директоры Майкл Вайнстинмен болған кездесуінде қаржы институты мен облыс кәсіпорындарының арасындағы ынтымақтастықтың жолдары талқыланды. Қарағанды облысының Аймақтық мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі орталығының басқарма төрағасы Виссарион Ким перспективалық жобалар туралы, оның ішінде банкпен ынтымақтастық болуы ықтимал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жобалар туралы әңгімелеп берді. Олар - 4-Жылу-электр орталығының, қоқыс өңдеу зауытының құрылыстары, Балқаштағы су құю желісін жөндеу және басқару жобалары, т.б.