Польша, Франция, Ұлыбританияның бірлесіп шығарған Павел Павликовскийдің «Қырғи-қабақ соғыс» фильмі жеңімпаз атанды.
Поляк режиссері мұнымен қоса "Үздік режиссер" және "Үздік сценарист" номинациялары бойынша да жүлде алды.
Ал актриса Иоанна Кулиг «Қырғи-қабақ соғыс» фильміндегі «Үздік актриса» аталымының жүлдесін еншіледі.
Марапаттау салтанатты рәсімі Испаниядағы Севилья қаласында өтті.
Айта кетсек, бұл туындыға соғыстан кейінгі жылдардағы махаббат шырғалаңы өзек болған.