Еуропалық комиссияның вице-президенті Федерика Мария Могерини І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды
16:37, 02 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның вице-президенті - Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Мария Могерини І дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.
***
Федерика Мария Могериниді І дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы
Қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Еуропалық комиссияның вице-президенті - Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Мария Могерини І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 2 шілде
№ 48