Комиссия төрағасы келтірген мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанның сырты саудасының 40 пайызы Еуропа елдеріне тиесілі. Ал тікелей инвестициялардың көлемі 50 пайызды құрап отыр. «Өткен жылы Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 31 млрд. еуродан асты. Оның төрттен үш бөлігі - Қазақстанның экспорты. Ол - мұнай және газ өнімдері», - деп атап көрсетті Жозе Мануэль Баррозу.
18:12, 02 Маусым 2013
Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 31 млрд. еуродан асты
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Еуропа мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 31 млрд. еуродан асты. Бұл туралы бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыған Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мәлім етті.