Басылымның жазуынша, Еуроодақ елдері «ұзын-сонар тізім ұсынған», қазір Еурокомиссия сарапшылары оны талқылап жатыр.
Politico-ның мәліметтеріне қарағанда, Латвия, Литва, Польша және Эстония сияқты мемлекеттерді Ресей мұнай бағасының шекті деңгейімен бір уақытта кезекті санкциялар пакетін жариялауға көндіргісі келеді.
Алайда кейбір еуропалық дипломаттар шектулер жинағы әлі дайын емес екенін және оны бағаның шегімен байланыстыру жағдайды одан бетер нашарлататынын алға тартып, бұл идеяны қолдамады. Оның үстіне Еурокомиссия жаңа шектеулер бойынша бейресми консультацияларды әлі бастаған жоқ.
Фото: assets.weforum.org