Еуропалық одақ Жерорта теңізінде заңсыз адам тасымалдайтындарға күш қолданбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақтың сыртқысаяси ведомствосының басшысы БҰҰ-нан Жерорта теңізі арқылы көші-қон проблемасын күш қолдану арқылы шешуге қолдау танытуды сұрады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлеген Федерика Могерини ЕО Жерорта теңізінде заңсыз мигранттарды тасымалдаушыларды ұстап, жоятын арнайы іс-қимыл жоспары әзірленгенін мәлімдеді.

Жоспар бойынша, адамдарды Еуропаға заңсыз жеткізумен айналысатын контрабандашылар желісін жою көзделіп отыр.

Бұл ретте Федерика Могерини жобада заңсыз мигранттарды күштеп қайтару әрекеттері жасалмайтыны қарастырылғанын атап өтті.