«Еуроодақпен әріптестік қатынастарды тереңдетіп, нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық басымдығы болып табылады. Жалпы Қазақстан мен Еуроодақтың қарқынды дамып келе жатқан саяси байланыстарына және сауда экономикалық ынтымақтастығына қанағаттанамыз», - деді Жауапты хатшы.
Осы орайда ол таяуда Елбасы Брюссель мен Парижге ресми сапар жасағанын оның барысында ҚР Президентінің Еуропалық одақтың, НАТО, Бельгия, Франция басшылығымен екіжақты кездесулер өткізгенін еске салып өтті. «Сапар қорытындысы бойынша біз ынтымақтастықтың барлық негізгі мәселелері бойынша елеулі ілгерілеушілікті күтіп отырмыз», - деп атап өтті Р. Жошыбаев.