Еуропалық одақтың полиция қызметін алғаш рет әйел басқарады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың ішкі істер және әділет жөніндегі кеңесі тұңғыш рет Еуропол басшысы қызметіне әйел адамды тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«8 наурыз күні ЕО кеңесі Катрин де Болльді Европолдың атқарушы директоры лауызымына тағайындады», - делінген ЕО кеңесінің хабарламасында.

Катрин де Болль бұл қызметке 1 мамырдан бастап кірісетін болады Қазіргі кезде ол Бельгияяның Федеральдық полициясының басшысы қызметін атқарады.

Айта кетейік, Еуропол - бұл штаб-пәтері Гаагада (Нидерланд) орналасқан Еуропалық одақтың полиция қызметі. Аталған ұйымның негізгі міндеті халықаралық өылмыс пен терроризммен күресте ЕО-қа мүше елдердің жұмыстарын үйлестіреді.