«Біз Хорватияны және оның халқын осы таңдауымен құттықтаймыз. ЕО-ға мүшелік оларға жаңа мүмкіндіктер ашады және тұрақтылық пен ұлттың гүлденуін қамтамасыз етеді. Халық ұсынған мандат хорват үкіметіне мүшелікке әзірліктің қалған бөлігін аяқтауға мүмкіндік береді. Біз басты үдеріс Хорватия парламентінің, сондай-ақ ЕО барлық мүше-мемлекеттері парламенттерінің ратификациялауын асыға күтеміз, бұл Хорватияның 2013 жылғы 1 шілдеден бастап одақтың жиырма сегізінші мүшесі болуына мүмкіндік береді», - деп атап өтілген еуропалық саяси институттар көшбасшыларының бірлескен мәлімдемесінде.
Хорватияның Орталық сайлау комиссиясы 99 пайыз бюллетеньдер өңделгеннен кейін жексенбі күні өткен референдумда 66 пайыздан астам азамат ЕО-ға кіруді жақтап дауыс бергенін, 33 пайызы қарсы болғанын хабарлады. Сайлаушылардың қатысуы небәрі 44 пайыз болды.
Хорватия өзінің ресми кіруіне дейін ЕО Кеңесі жұмыс топтарының көпшілігінде, сондай-ақ біртұтас еуропалық құрылымның комиссиялары мен комитеттерінде белсенді байқаушы мәртебесінде болады.