Сенбі күні Еуропаның көп бөлігін қар басып қалды, ал немістің Мюнхен қаласындағы әуежай жабылып, 700-ден астам рейс тоқтатылды.
Аустрия мен Швейцарияда да жұма күні 50 сантиметрге дейін қар жауып, қиындық туындады. Англия мен Шотландияның кей бөліктерінде де қыс қаһарына мінді.
Нидерланд синоптиктерінің дерегінше, қалың қар әсіресе елдің солтүстіктегі провинцияларына жауып, биіктігі бес сантиметрге жетуі мүмкін. Дүйсенбі күні де жауын-шашын болады, бірақ содан кейін температура біртіндеп жоғарылай бастап, қарды жаңбыр алмастырады.
Осындай күн райы Бельгияда да болады. Елдегі Батыс және Шығыс Фландрияда көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ қар жауып (1-3 см аралығында), әсіресе батыста көктайғақ болады деген болжам бар.