Аталған автошерудің қатысушылары Еуропаның барлық елін аралап, өздерінің сапарын Алматы қаласында аяқтады. Қапшағай бағытында келе жатқан автошеруді жол полициясы қызметкерлері күтіп алып, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағына дейін шығарып салды. Одан әрі шеруге қатысушылар мен «Нұр Отан» партиясының басшылығы Мәңгі алау мемориалына гүл қою рәсімін өткізді.
«Бұл автошеру патриоттық идеологияны терең насихаттаушы шара болып табылады», -деп атап өтті Алматы қаласындағы «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары Санжар Боқаев.
Шараның негізгі мақсаты - достық, ағайындық пен ұлтаралық келісім идеяларын насихаттауға, өз Отанын сүю рухында өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін нығайту. Сонымен қатар ҚР Қарулы Күштері имиджі мен әскери қызмет әлеуетін арттыруға бағытталған.
Аталған шара «Нұр Отан» ХДП, «Десант бауырластығы» әуе-десант әскерінің ардагерлер одағы және ҚР жергілікті соғыс және Ауғанстан арадагерлерінің одағы, ҚР Қарулы Күштерінің Құрылық әскерлері қолбасшылығының қолдауымен өтті.