Еуропаның ең бай адамы аталды

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Еуропаның ең бай адамы болып Zara және  Massimo Dutti брендтерінің қожайыны,  испандық Амансио Ортеганың есімі аталды, деп хабарлады Утро.ру.

Bloomberg миллиардерлер индексіне сәйкес алпауыттың дәулеті 39,5 миллиард долларға бағаланып отыр.

Сөйтіп, Ортега шведтік IKEA жиһаз компаниясының негізін қалаушы және басшысы, 37 миллиард доллар дәулет жиған Ингвар Кампрадты басып озды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының атап өтуінше, испандық Еуропадағы ең дәулетті адам болып отыр, ал оның туған елі қаржы дағдарысы салдарынан Еуроодақтан 125 миллиард доллар ақша сұрап, алақан жаюда, ал елде жұмыссыздық деңгейі 20 пайызға жетті.