Сараптама ауада аммиактың, күкірт тотықтарының, азот тотықтарының, сондай-ақ, ауада ұшып жүретін органикалық заттардың көлемін зерттеген. Эстония ауасындағы осы аталған заттардың барлығы дерлік қалыпты жағдайда, тіпті одан да төмен болып шыққан.
Ондағы ауаға ең аз шығарылатыны - аммиак. Басқа да адам ағзасына зиянды заттар белгіленген мөлшерден едәуір аз. Қазір Эстон жеріндегі табиғатқа зиянын тигізіп отырған салалар - энергетика мен көліктер ғана. Бұл елде қоршаған ортаға зиян келтіретін өндіріс орындары жоқтың қасы.