Мәселен, жан басына шаққанда алкогольді тұтыну бойынша Еуропа елдері арасында үшінші орында Эстония тұр. ДДСҰ-ның 2006-2010 жылдар аралығындағы статистикасы бойынша, ішімдік тек Молдавия мен Люксембургте көп ішіледі екен.
Эстонияның 15 жастағы және одан ересек тұрғындары жылына жан басына шаққанда таза этанолдың 15-тен астам литрін тұтынады. Ресей бұл тізімнің ортасында, онда ішімдікті ішу жылына жан басына шаққанда 10 литрден асады.
Ішімдікке әуес мемлекеттер - Тәжікстан мен Түркия.
Айта кетейік, Орталық Азияда Қазақстан ең маскүнем мемлекет болып саналады, мұнда әр азамат жыл сайын 11 литр таза этил спиртін тұтынады.