Еуропаның оңтүстік-шығысында қатты найзағай ойнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропаның оңтүстік-шығысында және Балқан түбегінде қатты найзағай ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Күшті дауыл Сербияға қатты жел мен нөсер жаңбыр әкелді. Қаланың кейбір аудандары жарықсыз қалды, Белград әуежайы уақытша жабылды.

Метеорологтар ауа райының қауіптілігі алдағы уақытта да сақталады деп ескертеді.

Кем дегенде бес адам аймақтағы элементтердің құрбаны болды - Хорватияда, Словенияда және Босния-Герцеговинада олар жел ұшырып құлатқан ағаштардан қаза тапты. Ондаған адам зардап шекті. Құтқару қызметтері жүздеген қоңырауларды тіркеді.

Хорватияның астанасы Загребте толассыз жауған жауын су деңгейінің кенет көтерілуіне себеп болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалалық көлік қозғалысы тоқтатылды, электр қуатын беруде үзілістер болды.

Словенияда ондаған мың адам жарықсыз қалды, қатты жел шатырларын құлатып, туристер лагерьлерден эвакуацияланды. Ең көп зиян биік таулы ормандарға тиді және билік альпинистерді бұл аймақтардан аулақ болуға шақырады.