Еуропаның үздік автокөлігі анықталады

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Жыл сайынғы «Еуропаның жыл автокөлігі 2020» (Car of the Year 2020) байқауының қазылар алқасы Еуропаның үздік автожаңалығына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабаарлайды БЕЛТА агенттігі.

Финалистер тізімінде жеті үлгі бар:

BMW 1-Series, Ford Puma, Peugeot 208, Renault Clio, Toyota Corolla, Porsche Taycan және Tesla Model 3.

Көліктерді іріктеумен айналысқан қазылар алқасының құрамында Еуропаның 23 елінен 60 автокөлік маманы болған.

Жеңімпаз 2020 жылдың наурыз айында Женева автосалонында анықталады.