Еуропарламент басшысы ресейліктерге көңіл айтты

None
БРЮССЕЛЬ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуропарлық парламенттің төрағасы Ежи Бузек Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза болғандардың отбасыларына және барша ресейліктерге көңіл айтты.

«Ондаған адам қаза болып, жүздеген адам жараланған Ресейдің ірі әуежайындағы лаңкестік шабуылды үзілді-кесілді айыптаймын. Лаңкестік пен зорлық-зомбылықты ешқандай сөзбен ақтауға болмайды. Осындай тағылық әрекеттен бұған дейін де зардап шегіп келген Ресей халқына түсіністікпен қараймын. Мен барлық Ресей халқына, әсіресе қаза болғандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспін», - делінген Е.Бузектің мәлімдемесінде.