«Халықаралық хоккей федерациясы беларус режимі адам құқықтары мен заң үстемдігін сақтамайынша, 2014 жылғы чемпионатты өткізілетін жер туралы шешімді қайта қарап, оны өткізу құқығын басқа елге беруді ойластыруы тиіс», - деп атап өтілген қарарда.
Еуропарламент Беларустан чемпионат өткізу үшін шарттар ретінде барлық саяси тұтқындарды сөзсіз және тез арада босатуды талап етті.
Қарарда сондай-ақ Беларус президенті Александр Лукашенконың Германия сыртқы істер министріне қатысты шымбайына тиетін ауыр сөз айтқанын айыптады және «ЕО мен Беларус арасындағы дипломатиялық жанжалды өршіту бұрын-соңды болмаған ауқымға» жеткенін атап өтті. Бұдан басқа еуродепутаттар кезекті рет Минскіні өлім жазасына мораторий енгізуге шақырды.