Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық мәселесі жөнінде тыңғылықты пікір алмасу болып өтті.
А. Шәкіров Григуле ханымға елдің ағымдағы жағдайы жайында, ол басқарып отырған мекеменің қызметі, оның негізгі түрлері мен әдістері, сондай-ақ басым бағыттары жөнінде ақпарат берді.
- Мысалы, Қазақстандағы азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігінің шеңберінде елдегі барлық жабық нысанды мекемелеріндегі азаптауларды жоюға бағытталған, Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің үйлестіру арқылы азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдарының арасындағы өзара әрекеттесудің бірегей үлгісі жасалды, - деп атап көрсетті А. Шәкіров.
Өз кезегінде И. Григуле елдің тәуелсіздік жылдары ішінде жеткен жетістіктеріне оң бағасын берді, сондай-ақ елдегі қазіргі ахуалды ұғыну үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкілі берген ақпараттың маңыздылығын белгіледі.
«Қазақстан барлық Орталық Азия өңірлері үшін үлгі боларлық ел екенін, қазақстандық Омбудсменнің мекемесі қазіргі кезде алушы ретінде ғана емес, сонымен қатар өзінің шетел әріптестері үшін құнды тәжірибенің көзі болуға әбден дайын екенін жеткізді» европалық өкіл.
Кездесу қорытындысы бойынша, нақты бағыттарына ортақ жобалары аясында адам құқықтарын қорғау саласындағы екіжақты қызметтестікті одан әрі күшейту, соның ішінде ұлттық құқық қорғау мекемесінің институционалдық нығайту қажеттілігі туралы пікір білдірді.