«Еуропа Түркия мен Сирия халқымен бірге» деген Роберта Мецола Еуроодақтың азаматтық қорғаныс механизмі іске қосылғанын және апат аймағына Еуроодақ көмегінің жіберіліп жатқанын айтты.
«Біздің ойымыз қайтыс болғандардың отбасыларымен, мұқтаждармен, жараланғандармен және тәулік бойы адамдардың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатқан барлық құтқарушылармен бірге», - деп қосты ол.
Страсбург қаласында өткен Еуропалық Парламенттің ағымдағы сессиясы кезінде еуродепутаттар дағдарыстық жағдайларға ден қою жөніндегі еурокомиссар Янез Ленарчичтің баяндамасын тыңдады.
Еурокомиссия өкілі өткен аптада Түркияның Газиантеп қаласындағы апат аймағында болып қайтқан.
«Қазіргі уақытта біз білетін өлім-жітім саны мен қирау дәрежесі соңғы кездерде бұрын-соңды болмаған», - деді Янез Ленарчич.
Сондай-ақ Еуроодақ жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін ағымдағы жылдың наурыз айында донорлар конференциясын өткізеді деп жоспарланды.
Ашық көздерден алынған фото