Еуропарламент ЕО мен Украина арасындағы келісімді ратификациялады

СТРАСБУРГ-БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропарламент Еуроодақ пен Украина арасындағы қауымдастық туралы келісімді ратификациялады.

Страсбургтегі Еуропарламент сессиясында бүгін тиісті шешім қабылданды. Келісімді ратификациялауға 535 депутат дауыс берді, 127 - қарсы, 35-і қалыс қалды. Еуропарламенттегі бұл шара 355 адам дауыс берген Украина Жоғарғы радасының келісімін ратификациялаумен бір уақытта өтті.

Дауыс бергеннен кейін құжаттарға Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц пен Украина президенті Петр Порошенко бірден қол қойды.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте ЕО, Ресей мен Украина арасында өткен үшжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін қауымдастық туралы келісімді уақытша қолдануды кейінге қалдыруға уағдаласқан болатын.