Бұл шешім жұма күні Брюссельде Еуропарламенттің отырысында қабылданды.
Еуропарламент Түркияда, Иордания мен Ливандағы босқындардың қажеттілігіне қосымша қаражат бөлуді мақұлдады.
Шешімді қабылдауға 557 депутат дауыс берсе, 72-сі қарсы, ал 59-ы қалыс қалды.
Қаржы босқындарды әлеуметтік бейімдеуге және олардың балаларына оқытуға жаратылатын болады.
100 млн еуро Иордания мен Ливанға босқындарға білім беруге және медициналық қызметке бөлінеді.
Аталған шешім Еуроодаққа мүше елдер мақұлдаған жағдайда күшіне енеді.