«Қазір қажетті санкцияны енгізуге дайындық жүргізіліп жатыр», - деді Еуропарламенттің сыртқы істер комитетінің төрағасы Эльмар Брок. Оның айтуынша, қазір шенеуніктердің аты-жөні жазылған тізім толтырылуда.
Жақында Еуропарламенттің төрағасы Мартин Шульц: «Елдегі күштеп қарсылық көрсету шаралары жалғасатын болса, Еуроодақ Украинаға қатысты санкция қолданатын болады», - деп ескерткен еді.