Бұл қызметке басты еуропалық заң шығару органының саны жағынан екінші фракциясы - еуропалық социалистердің басшысы, Германи өкілі Мартин Шульц лайық деп танылды, деп хабарлады Еуропарламенттің баспасөз қызметі.
Бұл лауазымда М.Шульц поляк еуродепутаты Ежи Бузекті алмастырды. М.Шульцқа 670 депутаттың 387-сі дауыс берді. Оның оппоненттері - Ұлыбритания өкілдері Диана Уоллис пен Нирж Дева тиісінше 141 және 142 дауысқа ие болды.