Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметіне сәйкес, ұлттық құрама сапына 16 спортшы енді. Олардың қатарында Астанада өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Ғалия Тынбаева да бар. Ол 2025 жылдан бері алғаш рет татамиге оралмақ.
Ерлер
60 келіге дейін: Айдар Қарғұлов, Асылхан Зинуллин, Нұрдәулет Мейрамбеков
66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр, Нұрмұхамед Ботабай
73 келіге дейін: Бақытжан Әбдірахманов, Дастан Шаяхметов
81 келіге дейін: Айғали Қалдыбек
100 келіге дейін: Әділет Сапарғалиев
100 келіден жоғары: Мәди Еділбаев
Әйелдер
48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Зарина Хуснадин
57 келіге дейін: Ботагөз Әділханова, Іңкәр Төлепбергенова
63 келіге дейін: Ханзада Қайратова
Айта кетейік, турнир 16-17 мамыр күндері өтеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан дзюдодан Грузиядағы Еуропа кубогын 5 медальмен аяқтады.