Веложарыс Алматыда екінші рет өткзіліп отыр. Өткен жылы да Eurosport оны тікелей эфирде көрсеткен болатын. Оны түсіру тікұшақпен де жүргізілді - телеарнаның миллиондаған көрермендері Алматының әсемдігін құс қанаты талатын заңғар көктен тамашалады.
Биылғы жылы жарысқа әлемдік деңгейдегі 20 команда қатысады, олардың ішінде Astana Pro Team, Katusha, Giant-Shimano, Movistar, Omega Pharma - Quick-Step, Bardiane Valvole, CCC Polsat, Synergy Baku Cycling Project велоклубтары бар.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Алматы туры» веложарысына «Тур де Франс-2014» жеңімпазы Винченцо Нибали құрметтті қонақ ретінде қатысады. Astana Pro Team велокомандасының құрамында Алессандро Ванотти, қазақстандықтар - андерлер арасындағы (23 жастан кіші велосипедшілер) әлем чемпионы және биылғы жылғы Азия ойындарының жекелей жарыстағы жеңімпазы Алексей Луценко, Андрей Зейц, Александр Дьяченко, Арман Камышев, Руслан Тілеубаев бар.
«Алматы туры» жарысында спортшылар әрқайсысы 31 шақырымдық алты айналым қашықтықты еңсеруі тиіс.
Жарысты отандық «Алматы» және «Kazsport» телеарналары да тікелей эфирде көрсетеді. Түсініктемеші белгілі ресейлік журналист Сергей Курдюков.
Веложарыс сағат 10.00-да «Нұрлы тау» әкімшілік-тұрғын үй кешені жанында басталады.
Велосайыс өткізілуіне байланысты таңғы сағат 6-дан 16.00-ге дейін Шығыс айналмалы жолы мен Әл-Фараби даңғылында қозғалыс шектелді.