«2016 жылғы бірінші тоқсанда маусымдық құбылуды ескеретін болсақ, еуроаймақтың ІЖӨ 0,6 пайызға артты және тұтастай алғанда, ЕО бойынша өткен тоқсанмен салыстырғанда 0,5 пайызға жетті», - деп атап өтті «Еуростат».
Бұдан бұрын мамыр айында «Еуростат» ағымдағы жылдың І тоқсанындағы еуроаймақ экономикасы 0,5 пайызға өскенін хабарлаған болатын.
Мәліметтері бар Еуродақ елдерінің арасында өткен тоқсанға қарағанда экономиканың ең жоғары өсімі Румынияда (+1,6%), Кипрде (+0,9%), Испанияда, Литвада, Австрияда және Словакияда (+0,8%-дан), Болгария мен Германияда (+0,7%-дан) тіркелді.
ІЖӨ-нің құлдырауы Венгрияда (-0,8%), Грекияда (-0,5%) және Польшада (0,1%), байқалды, сонымен бірге Эстонияда ІЖӨ өзгеріссіз қалды.