«Грекияның еуроаймақ алдындағы өз міндеттерін сақтап қалуы өте маңызды. Мен грек парламентінде болатын жаңа бағдарлама мен реформалар тобына қолдау көрсетуге шақырамын және сайлау жаңа грек парламентіне деген бұдан да кең ауқымды қолдауға жетелейді деп үміттенемін», - деді Дейсселблум өзінің «Рейтер» агенттігіне жолдаған электронды хатында.
Еске сала кетейік, бүгін Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас телеарна арқылы ұлтқа үндеуінде отставкаға кететінін және кезектен тыс парламенттік сайлау болатын мәлімдеген болатын.