«Біз оң нәтижеге қол жеткізіп, соңғы келіспеушіліктерді жойдық», - деді Еуротоп төрағасы Йерун Дейсселблум.
Қаржылық көмек үшін Грекия бұған дейін бірқатар реформаларды өткізуге келіскен, соның ішінде зейнетақы жасын өсіру, жекешелендіру, салықты көбейту және шығындарды қысқарту шаралары бар.
Көмектің жаңа бағдарламасы аясында Грекия бірінші траншты тамыз айының соңында алуы ықтимал, деп жазады Би-би-си.
Жұма күні Грекия парламентінің депутаттары түні бойы және таңға дейін созылған талқылаудан кейін Еуроодақтың 86 млрд. еуроға бағаланып отырған көмегінің жаңа, үшінші топтамасының талаптарын мақұлдады.
Оған сәйкес 25 млрд. еуро грекиялық банктерді қайта капиталдандыруға жіберіледі.