Еуроұтыстың жеңімпазы 81 млн. фунтты олжалады
08:38, 31 Мамыр 2013
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - EuroMillions ұтысында британиялық азамат 81 млн. фунт көлеміндегі қаражатты еншіледі.
Жеңімпаздың нөмірі сейсенбі күні жарияланды, ал бейсенбіде ол ұтысын алып кетуге келді. Қауіпсіздік мақсатында жеңімпаз өзінің есімін жариялаудан бас тартты. Ол Британияның ең бай 1 мың тұрғынының қатарын толықтырды.