08:35, 15 Мамыр 2009
«Еуровидение-2009» байқауының финалға шыққандары анықталды
МӘСКЕУ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат - «Еуровидение-2009» конкурсы финалистерінің толық тізімі анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап.
Екінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша Әзірбайжан, Хорватия, Украина, Литва, Албания, Молдова, Дания, Эстония, Норвегия және Грекия елдерінің өкілдері ақтық кезеңге жолдама алды. Ал, мамырдың 12-сінде өткен бірінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша ақтық кезеңге Түркия, Швеция, Израиль, Португалия, Мальта, Финляндия, Босния мен Герцеговина, Румыния, Армения және Исландия өкілдері шыққан болатын. Франция, Германия, Ресей, Испания және Ұлыбритания елдері финалға автоматты негізде өтіп отыр. Финалдық сайыс ертең, мамырдың 16-сында өтеді.