Бірінші жартылай финал сейсенбі күні өткен боатын. Финалға шыққандардың арасында Ресей, Черногория, Венгрия, Армения, Әзербайжан, Украина, Сан-Марино, Швеция, Нидерланды және Исландия бар. Екінші жартылай финалдың қорытындысымен финалға Швейцария, Словения, Польша, Румыния, Норвегия, Грекия, Мальта, Беларусь, Финляндия және Австрия шықты. Сондай-ақ «үлкен бестік» елдері («Еуровидение» негізін құрған Ұлыбртиания, Франция, Германия, Испания және Италия) және конкурс өткізіп отырған ел (Дания) финалға конкурстан тыс шығады. Финал мамырдың 10-да өтеді.