Осы елдің 10 жастағы әншісі Мариам Мамадашвили өткен жылғы байқаудың жеңімпазы болғанын ескере келе, Еуропа хабар тарату одағы осындай шешім қабылдады. Грузия бұл байқаудың үш мәрте жеңімпазы атанғанымен, бұрын өз елінде мұндай ауқымды шараны өткізуге мүмкіндігі болмаған еді. 14 жылдың ішінде Грузия ән байқауында үш рет жеңіс тұғырынан көрінді.
2016 жылдың аяғында соңғы жеңісті әкелген Мариам Мамадашвили грузин халқының төбесін көкке жеткізді. Ал биыл Еуропа елдерінің жас әншілері қатысатын байқаудың Грузияда өтуі елді ерекше қуантты.