«Еуровидениеге» «фабриканың» түлегі қатысады

None
МӘСКЕУ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат – «Еуровидение» халықаралық ән конкурсының ресейлік іріктеу турында Анастасия Приходько жеңімпаз атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. «Жұлдыздар фабрикасының» түлегі көрермендер дауысының қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинады және құзырлы төрешілердің таңдауы да оған түсті. Осылайша, Мәскеуде мамырдың 16-сында өтетін «Еуровидение-2009» байқауында Ресейдің атынан өнер көрсету құқығына Настя ие болды.