Жыл сайын Голландия астанасына Еуропаның басты музыкалық оқиғасының басталуына бір ай қалғанда байқау әндерін естігісі келетін еурошоудың жүздеген фанаттары мен қатысушылары келеді. Биылғы жылы Eurovision In Concert жетінші рет өткізіледі.
Eurovision In Concert еурошоудың алдындағы ірі промо-шоу болып табылады. Қатысушылар мен фанаттардан басқа оған танымал орындаушылар мен музыканттар, саясаткерлер мен өнер қайраткерлері келеді, деп хабарланды байқаудың ресми сайтынан.