Бұдан бұрын Eurowings компаниясының ұшағы Дюссельдорф әуежайынан бортқа 90 жолаушысын отырғызуды ұмытып, ұшып кеткені жайлы хабарланған болатын. Ұшаққа жолаушыларды 2 автобуспен жеткізу керек болған. Бірінші автобустағы 40-тай жолаушы бортқа мініп үлгерген. Алайда екінші автобуста болған 90 жолаушы ұшаққа мінбеген.
"Ол (ұшқыш - ред.) Дрезденге жолаушылардың бір бөлігін жеткізу үшін келісім бойынша ертерек ұшты", - деген Eurowings өкілінің сөздерін Rheinische Post басылымы келтірді. Авиажелісінің өзге өкілінің айтуынша, сағат 21.49-да ұшуға дайын болмаған ұшақтарға әуеге көтерілуге тыйым салынған.
Басылым деректеріне сәйкес, борттың ұшуы екі сағатқа кешіккен. Ол жергілікті уақытпен сағат 19.05-те ұшырылады деп жоспарланған болатын.