ЕҰУ-да Журналистика және саясаттану факультеті ашылады

None
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Журналистика және саясаттану факультеті ашылады. Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі осындай шешім қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жақында университет ректоры Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен өткен Ғылыми кеңестің отырысында Журналистика және саясаттану факультетін ашу жөніндегі ұсыныс қаралған болатын. Отырысқа қатысқан барлық ғалымдар Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашевтың жаңа факультетті ашу және оған саясаттану кафедрасын қосу жөніндегі бастамасын бірауыздан қолдады. Осыған орай Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі Журналистика және саясаттану факультетін ашу туралы қаулы қабылдады.

Айта кетейік, жаңа факультеттің таныстырылымын Журналистер күніне орай өткізу жоспарланған.