Кешке Айгүл Иманбаева, Бауыржан Исаев сынды әншілер қатысады. Сондай-ақ кеш қонақтары «Еуразия» инструменталды ансамблі, «Самұрық» шоу-балеті, Айдана Байтұрсынова және Сырым Қашқабаев болмақ, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметінен. Мерекелік шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық ғимаратының концерт залында 6 наурыз күні сағат 16.00-де өтеді.
09:10, 05 Наурыз 2015
ЕҰУ-індегі мерекелік шарада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елордадағы ЕҰУ-інде еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен аяулы аналар мен арулар мерекесіне арналған «Гүл-көктем» концерті ұйымдастырылмақ.